Көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын гаджеттер бар (ТОП-10)

0
3 528

Көктем, көшедегі көктем, көктемнің шуақты күндері! Табиғат оянады, күн жарқырайды, қыста жауған қар еріп, айнала гүлмен безенеді. Ал түрлі гаджеттердің көктемге қандай қатысы бар?


Көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын гаджеттер бар (ТОП-10)

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Иә, олар да жарқын күндер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлауы мүмкін! Сондықтан бүгінгі мақалада көктемгі көңіл-күйге өз пайдасын тигізетін құрылғылардың топтамасын дайындадық.


1. Сымсыз Apotop i-Selfie

Арotоp i-Selfie – жағымды, түрлі түсті қызықты нәрсе ғана емес, бұл өте функционалды құрылғы. Оған сіздің iPhone-ыңыздың камерасын 30 метрге дейінгі қашықтықтан басқаруға мүмкіндік беретін тетік орнатылған және де бұл сымсыз тетікті ұялы телефонға қосу үшін қосымша бағдарлама орнатудың қажеті жоқ. Мұндай гаджетпен жалғыз немесе топтық көктемгі селфиді оңай жасай аласыз. Сондай-ақ, Apotop i-Selfie кілттер үшін ыңғайлы брелок бола алады.


2. Спорттық білезік – Jawbone Up Move

Спорттық Jawbone Up Move білезігі белсенді және спортқа көп көңіл бөлетіндерге арналған. Ол қол жеткізгің келетін мақсаттарды есте сақтайды және әрбір жасалған қадамды, әрбір өткен метрді мұқият санап, ұйқының сапасын бақылап, жиналған ақпараттың негізінде өзіңіз жұмсаған калорияны есептеп шығарады. Егер сіз алға қойған мақсатқа жетсеңіз, білезік ол туралы хабарлайды. Егер мақсатқа әлі алыс болса, ол сізге көбірек қозғалу керек екенін ескертеді, сондай-ақ пайдалы кеңестер береді.


3. «Ақылды» Еmoi Smart Lamp Speaker mini шырағы

Түрлі түсті корпусы бар Emoi Smart Lamp Speaker mini – әдемі шам және музыка ойната алатын құрылғы. Оны ұялы телефонмен басқарып, сүйікті әуендерді Bluetooth арқылы тыңдай аласыз, ал «ақылды шамға» кіріктірілген динамик жағымды дыбыс шығарады. Сонымен қатар, смартфон немесе планшеттің көмегімен жарықты қосып-өшіруге, жарықтың түсін өзгертуге болады, ал шамдағы фирмалық бағдарлама автоматты түрде қосылатын және өшірілетін кесте орнатуға мүмкіндік береді.


4. ION Audio Pure LP ойнатқышы

ION Audio Pure LP заманауи күйсандығымен музыка табынушылары толықтай ләззат ала алады.


5. Xbox үшін жасалған сыртқы қатты диск Seagate Game Drive

Xbox-қа арналған сыртқы қатты Seagate Game Drive дискісінде жаңа ойындар үшін орын жеткілікті және ерте уақыттан бері классика болып саналады, өйткені оның көлемі 2 Тб құрайды.Диск USB кабелі арқылы құрылғыға оңай қосылады және оны табу және баптау автоматты түрде орындалады. Пластиктен жасалған жасыл түсті құрылғы тартымды көрінеді және көңіл-күйді көтереді.


6. Canyon Canyon CNE-CMSW1 тінтуірі

Жұмысқа арналған керек-жарақтар міндетті түрде қара немесе сұр болу керек емес. Canyon CNE-CMSW1 қызғылт сары тышқан жұмыста жақсы көңіл-күйде болуға көмектеседі. Сондай-ақ, сымсыз тінтуірді үйде немесе кеңседе пайдалануға, өзіңізбен бірге әртүрлі сапарларға алып шығуға болады.


7. Logitech Bluetooth Multi-Device K480 сымсыз пернетақта

Бұл сымсыз пернетақта оның корпусын безендіретін жасыл жолақтың арқасында басқа да ұқсас аксессуарлардан ерекшеленеді. Ең бастысы – әмбебап құрылғыға смартфонды, планшетті және ноутбукты қосуға болады және бір уақытта бәрінде жұмыс істеп, біреуден екіншісіне оңай ауысып, бірнеше экранда сөйлесе аласыз. Мұндай пернетақтамен жасаған жұмыс үш есе нәтижелі болады!


8. USB-концентратор – Momax U.Bull Premium

Ал мына құрылғы әрбір ұлы телефоны бар әрбір отбасы үшін маңызды. Ол бес USB портымен жабдықталған және одан бір уақытта бес гаджет пен девайстарға дейін қуаттауға болады. Сонымен қатар, қуатты барлығына бірдей бөледі. Бір жағынан гаджет тамаша көрінеді, үй және кеңсе үстелдерін безендіреді.


9. Геймпад – Mad Catz C. T. R. L. i Mobile

Mad Catz C.T. R. L. i Mobile геймпады iOS басқаруымен жұмыс істейтін смартфон немесе планшетке қосылып, жұмыс істей алады. Оның көптеген түймелері барлық ойын кейіпкерлерінің мүмкіндіктерін іске қосуға көмектеседі. Сонымен қатар, монитор немесе теледидарға да қосуға болады.


10. Panono


Бұл шарда 36 фотокамералар орнатылған, ол 108 Мп-мен суретке түсіре алады. Суретке түсіру үшін шарды ауаға лақтырып, қағып алу керек. Ең қызығы –түсірілген суреттерді планшетпен ашып, оны әр бағытқа бұра бастайсың және панораманың ортасында жүргеней сезінесің.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


8 наурыз күні нәзікжандыларға не сыйлайсыз?


Қоңырау шалған кезде, тұтқаны бірден алмаңыз