1 215 қару және 22 мың оқ-дәрі қайтарылды – Марат Ахметжанов

0
1 225

Министр қазіргі таңда заңсыз айналымда әлі де көптеген қару-жарақ бар екендігін айтады.


1 215 қару және 22 мың оқ-дәрі қайтарылды – Марат Ахметжанов

ERNUR.KZ. Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 1 215 қару және 22 мың оқ-дәрі қайтарылды. Бұл туралы Мәжілісте ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның атап өтуінше, тергеу қылмыстық процестің үш буынды моделіне сәйкес жүргізіліп жатыр. Яғни, тергеушілердің барлық негізгі шешімдері прокурордың сүзгісінен өтеді. Осылайша, үш сатылық бақылау арқылы процестің әділеттігі қамтамасыз етілуде. Күдіктілердің конституциялық құқықтары толығымен сақталуда.

«Қызметкерлердің өкілеттігін асыра пайдалану фактілеріне қатысты шағымдар бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Объективті болу үшін бұл істер прокуратура және жемқорлыққа қарсы қызметке берілді. Тергеу амалдары міндетті түрде бейнекамераға жазылуда. Оған күдіктілердің қорғаушылар да қатысуда», - деді ол.

Сонымен қатар министр қазіргі таңда заңсыз айналымда әлі де көптеген қару-жарақ бар екендігін айтады.

«Оны қайтару бойынша барлық шаралар қабылданып жатыр. Республика бойынша арнайы «Қару» операциясы жалғасуда. Оның барысында 1 215 қару және 22 мың оқ-дәрі қайтарылды. Сонымен қатар, азаматтар ерікті түрде 120 қару тапсырды», - деді Марат Ахметжанов.