1 қазанда тұмауға қарсы екпе салу науқаны басталады

0
851

Тұмаумен ауырғандардың басым бөлігі мегаполистердің тұрғындары.


1 қазанда тұмауға қарсы екпе салу науқаны басталады

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова қазірдің өзінде 2 миллионнан астам доза сатып алынғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде тұмау және ЖРВИ-мен сырқаттанушыладың саны артты. Тек соңғы 2 айда көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20% өсті.

"1 қазаннан екпе салуды бастаймыз. Екпе медицина қызметкерлеріне, созылмалы аурулары бар адамдарға, медициналық-әлеуметтік мекемелердегі адамдарға және қатар жүретін аурулары бар балаларға салынады. Орташа алғанда біз 2,5-2,7 миллион адамға екпе саламыз, бұл еліміздегі тұрғындардың 12-15 пайызы", деді денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.