1 қыркүйектен бастап тәрбиешілердің жалақысы 30%-ға өседі

0
2 591

Еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдарында барлығы 98 мың педагог жұмыс істейді.


1 қыркүйектен бастап тәрбиешілердің жалақысы 30%-ға өседі

ERNUR.KZ. 1 қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30%-ға өседі. Бұл туралы Орталық коммуникциялар қызметі алаңында өткен брифингте Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Департамент директорының айтуынша, соңғы төрт жылда тәрбиешілердің еңбекақысы кезең-кезеңімен 25%-ға өскен.

"2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап мектепке дейінгі мекемелер педагогтерінің жалақысы тағы 30%-ға көтеріледі. Мұндай шаралар мектепке дейінгі мекемелерге педагогтерді тартуға септігін тигізеді. Өйткені, өздеріңіз білетіндей, бүгінгі күні кадр тапшылығы бар", - деді спикер.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке тұрудың бірыңғай базасын енгізу шарасы да жүзеге асырылады.

Бұл қызметтердің ашықтығы мен деректердің бірыңғай тізімін қалыптастырады. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады дейді департамент өкілдері.

Айта кетейік, еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдарында барлығы 98 мың педагог жұмыс істейді. Олардың басым бөлігінің жоғары білімі бар, бұл – 65 мыңнан астам педагог.