1 маусымнан бастап «Отбасы банк» бөлімшелерінде депозит ашу тоқтатылады

0
759

Дегенмен, депозит ашудың өзге төрт жолы қарастырылады.


1 маусымнан бастап «Отбасы банк» бөлімшелерінде депозит ашу тоқтатылады

ERNUR.KZ. Биылғы 1 маусымнан бастап «Отбасы банк» АҚ бөлімшелері азаматтарға депозит ашуды тоқтатады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Одан кейін мынадай төрт жолмен депозит ашу мүмкіндігі қарастырылады:

Мобильді қосымша арқылы депозит ашу:

Депозит ашу үшін смартфон және жақсы интернет болса жеткілікті. Otbasy bank мобильді қосымшасын Play Market немесе App Store-дан жүктеп алуға болады.

Жұмыс күндері сағат 9:00 – 21:00 аралығы.

HCSBK.KZ сайты арқылы депозит ашу:

Сайттың оң жағындағы видеокамераның суретіне басып, банк менеджерінен бейне қоңырау арқылы шот ашуға болады. Ол үшін жеке сәйкестендіруден өтіп, тиімді жинақтаудың негізін салу қажет.

Жұмыс күндері сағат 9:00 – 20:00 аралығы.

Отбасы банкінің кеңесшісінен депозит ашу:

Кеңесші ыңғайлы кез-келген жерде депозит ашып, ең тиімді бағдарламаны таңдап, алдын-ала төлемді есептеп, несиелік өтінімді қабылдай алады. Кеңесшілер тізімін www.hcsbk.kz сайтындағы "Сіздің кеңесшіңіз" бөлімінен табуға болады.

Аптаның 7 күні бойы сағат 9:00 – 21:00 аралығы.

Қазпошта бөлімшелерінде депозит ашу:

Жұмыс күндері сағат 9:00 – 18:00 аралығы.