10 жастан асқан балаға ​Kaspi Gold картасын ашуға болады

1
6 238

⁣Ата-ана өзінің Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы баласының шығындарын көре алады


10 жастан асқан балаға ​Kaspi Gold картасын ашуға болады

Енді Kaspi Gold картасын 10 жастан асқан балаларға да алуға болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Kaspi.kz ресми парақшасына сілтеме жасап.

Ата-ананың біреуі не қамқоршы өзінің Kaspi Gold картасына қосымша ретінде балаға арналған Kaspi Gold-ты тура Kaspi.kz мобильді қосымшасында ресімдей алады, сосын атаулы картаны кез келген Kaspi Картоматтан 1 минутта ала алады.

«Енді баршаның сүйікті Kaspi Gold картасын балаға ресімдеуге болады. Сондай-ақ сіз балаңыздың телефонына Kaspi.kz қосымшасын орната аласыз.⁣ Өзіміздің кішкентай сүйікті клиенттеріміз үшін біз интерфейс пен функционалды барынша оңайлаттық. Ата-аналарға балаларын қолма-қол ақшасыз зат сатып алуға және өз қаражатын басқаруға ерте жастан үйретуге көмектесе аламыз деген сенімдеміз», - деді Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе.

⁣Ата-ана өзінің Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы баласының ұсақ шығынына ақша аудара алады, жұмсаған ақшасын көре алады, сондай-ақ интернетте зат сатып алуға рұқсатын басқара алады, ДСН-кодын ауыстырып, картаны бұғаттап/бұғаттан шығара алады.⁣

Өздерінің атаулы Kaspi Gold-ын алғаннан кейін балалар ақша аударымын алып, қолма-қол ақшасыз зат сатып алады және кез келген банкоматтан айына 10 000 теңгеге дейін ақша шеше алады. Өз қосымшасында бала ұялы байланыс ақысын, іс-шараға, ойынға кіру билетінің құнын төлеп, көлік картасын толтыра алады. Сондай-ақ бонус жинап, оны жарата алады.