11 мыңнан астам қазақстандық қайтыс болды – Алексей Цой

0
1 976

1 тамыздан бастап елімізде COVID-19, таралу индексі 9%-ға төмендеді.


11 мыңнан астам қазақстандық қайтыс болды – Алексей Цой

ERNUR.KZ. Тамыз айының басынан бастап коронавирус инфекциясының таралуы көрсеткіші 9%-ға төмендеді, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

«Елімізде дельта штаммының анықталуына байланысты шілде айында COVID-19 ауруын жұқтыру көрсеткіші өсті. Ал тамыз айының басынан бастап Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясымен сырқаттану көрсеткіші азайып, COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталды», – деді Алексей Цой.

Министрдің мәлімдеуінше, 1 тамыздан бастап елімізде COVID-19, таралу индексі 9%-ға төмендеді.

«Пандемия басталғаннан бері елімізде ПТР растамаған коронавирус пен пневмония белгісі бар 720 мың жағдай тіркелді. Тек соңғы тәулікте оң және теріс ПТР-тесті бар 8,2 мың адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл аурулардан 11 мыңнан астам қазақстандық қайтыс болды», – деді Алексей Цой.