15 қыркүйекте халықты емханаға тіркеу науқаны басталады

0
529

Науқан 15 қарашаға дейін жалғаспақ.


15 қыркүйекте халықты емханаға тіркеу науқаны басталады

ERNUR.KZ. 15 қыркүйектен бастап Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталады, деп жазады inbusiness.kz.

Ел тұрғындары медициналық қызмет алу үшін емхананы өз еркімен таңдай алады. Тіркеу науқаны 15 қыркүйекте басталып, 15 қарашаға дейін өтеді.

"Дәрігер тіркелген пациенттердің денсаулығын бақылай алуы үшін тұрғылықты жеріне тікелей жақын емхананы таңдау ұсынылады. ЭЦҚ болған жағдайда емханаға электрондық үкімет порталында тіркелуге болады. Ол үшін "денсаулық сақтау" бөлімінде "медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу қызметін таңдау қажет. Барлық өрістер толтырылғаннан кейін пациент туралы ақпарат автоматты түрде емханаға түседі", - делінген қор жариялаған ақпаратта.

Азаматтар жаңа тіркелген емханадағы қызметті келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ала бастайды.

Емханаға тіркелу алгоритмі "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының" сайтында жарияланған.