15 жаста тұрмысқа шықты: қыздың анасы шағым жазудан бас тартты

0
1 433

Қыз дәстүрлі емес діни ағымдағы 29 жасар жігітке күйуге тиген.


15 жаста тұрмысқа шықты: қыздың анасы шағым жазудан бас тартты

ERNUR.KZ. Әке-шешесін ескертпей, күйеуге шығып кеткен 15 жаста ғы қыз бүкіл Орал полициясын аяғынан тік тұрғызды. Қыркүйектің 16-да тіркелген оқиғаның анық-қанығын тәртіп сақшылары бүгін ашып айтып отыр, деп хабарлайды Астана арнасы.

Келтірілген деректерге қарағанда, 15 жасар мектеп оқушысы қыркүйектің ортасында із-түссіз жоғалып кеткен. Іздеу салып шешесі полицияға арызданыпты. Ақыры тәртіп сақшылары, кәмелеттік жасқа толмаған қыздың, дәстүрлі емес діни ағымдағы 29 жасар жігітке күйуге тиіп кеткенін анықтапты.

Дерек бойынша, «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болды", деген айыппен іс қозғалған. Алайда, ол тоқтап қалуы мүмкін. Өйткені, қыздың анасы арызды қайтып алған.


15 жастағы қыздың анасы жасөспірім қызын сот-медициналық сараптамадан, өзге де биологиялық тексерістерден өткізуден түбегейлі бас тартып отыр. Жалпы медициналық тексерістен өткізуге қарсылық танытты. Қызының айтуынша, мен төсек қарым-қатынасында болған жоқпын дейді. Ал ер азаматтың айтуынша, керісінше мен болдым дейді, - деді БҚОполиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.