16 көлік соқтығысты, ішінде 4 автобус бар: Жамбыл облысында ірі жол апаты болды

0
306

Қаза тапқан адамдар жоқ. Бауыржан Момышұлы ауылының орталық аудандық ауруханасына 25 адам жүгінді.


16 көлік соқтығысты, ішінде 4 автобус бар: Жамбыл облысында ірі жол апаты болды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында ауа-райының қолайсыздығынан 16 көлік соқтығысты, деп жазады sputnik.kz.

Облыстық полиция депаратменті ұсынған мәліметке сәйкес, бүгін сағат 10:47-де "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолында көктайғақ пен боранның салдарынан 16 автокөлік соқтығысты. Соның ішінде 4 жолаушылар автобусы мен 4 жүк көлігі бар, қалғаны - жеңіл көліктер. Жол апаты Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылына жақын жерде болған.
"Қаза тапқан адамдар жоқ. Бауыржан Момышұлы ауылының орталық аудандық ауруханасына түрлі дәрежеде жарақат алған 25 адам жүгінді", - дейді полицейлер.
Бүгін сағат 10:50-ден бастап Тараз қаласынан 593-тен 534 шақырымға дейінгі бағытта автожол екі бағытта да жабылды. Қазіргі кезде полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.