​17 жастағы қыздың өлімі: Полиция оның зорланғанын растады

0
2 294

Қазір тергеу органдары Астана мен Алматы қаласында жасалған сараптамалардың нәтижелерін алған.


​17 жастағы қыздың өлімі: Полиция оның зорланғанын растады

ERNUR.KZ.. Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің Зеленовский ауданы Дарьинск ауылындағы кәмелеттік жасқа толмаған қыздың өліміне қатысты жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталып қалды. Полицейлер 17 жастағы Дананың зорланғанын растады, деп жазады NUR.KZ.

Қазір тергеу органдары Астана мен Алматы қаласында жасалған сараптамалардың нәтижелерін алған. Іс сотқа бірнеше апта көлемінде жетуі тиіс.

"Мәйітті тексеру барысында түрлі микробөлімдер анықталды. Осыған қатысты қылмыскер тек бір адам болмауы мүмкін деген күдік пайда болды. Барлық биологиялық бөліктерді біз сараптамаға жібердік.

Нәтижелер алынды. Іс жақын уақытта сотқа жіберіледі. Қылмыскер анықталды, ол қазір тергеу изоляторында отыр. Ол жалғыз әрекет еткен",- деді Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті басшысы орынбасары Бері Аймурзин.

Естеріңізге сала кетейік, 28 шілде күні Дарьинск қаласында 17 жастағы мектеп түлегінің мәйіті табылған еді.

Ол жазда Ресейдегі жоғары оқу орнына түсіп, кетуге дайындалып жүрген. Ал полицейлер келесі күні қыздың 20 жастағы танысы Асхат Темірбаевты ұстады

Қыздың өліміне, алдын ала болжам бойынша, ара-қатынастың бұзылуы себеп болған. Жігіт кешке қарай қызды көшеге шақырыпты. Бұл уақытта бойжеткеннің анасы ауруханада жұмыста болса, әкесі ұйықтап жатқан.