19 шілдеде Қазақстанда телеарналар мен радио жұмыс істемейді

0
1 129

19 шілде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің телерадио хабарларын тарату өшіріледі.


19 шілдеде Қазақстанда телеарналар мен радио жұмыс істемейді

ERNUR.KZ. Ертең, 19 шілде Қазақстанда телеарналар мен радио жұмыс істемейді, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазтелерадио" АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабар таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыс жүргізеді.

Осыған байланысты 19 шілде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің телерадио хабарларын тарату өшіріледі.