190 отбасы тұрады: CҚО-да қатты жел 4 үйдің шатырын ұшырып әкетті

0
394

Ауа райы қолайсыздығынан екі елді мекен Новоишимское және Пески жарықсыз қалды.


190 отбасы тұрады: CҚО-да қатты жел 4 үйдің шатырын ұшырып әкетті

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында Ғ. Мүсірепов атындағы аудан орталығы Новоишимское ауылында қатты жел көпқабатты тұрғын үйлердің шатырын ұшырып әкетті, деп жазады stan.kz.

Төтенше жағдайлар депаратментінің мәліметінше, жылдамдығы секундына 30 метр болатын қатты жел соғып, жаңбыр мен бұршақ жауған.

Ауа райы қолайсыздығынан екі елді мекен Новоишимское және Пески жарықсыз қалды.

190 отбасы тұратын үш көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жартылай ұшқан. Олар 1961, 1987 және 1988 жылдары салынған үйлер. 1981 жылы салынған 40 пәтерлі тұрғын үйдің кірпіші мен шатыры, "Amanat" партиясы ғимаратының және "Нұрсәт" сауда орталығының қасбеті зақымдалған.

Зардап шеккендер жоқ. Материалдық залалды бағалау жөніндегі комиссия құрылады.