2 миллионға жуық адам отбасын құрмаған: Елімізде басы бос қыздарға қарағанда бойдақ жігіттер көп

0
316

Бойдақ еркек әйелдерден 133 мыңға көп.


2 миллионға жуық адам отбасын құрмаған: Елімізде басы бос қыздарға қарағанда бойдақ жігіттер көп

ERNUR.KZ. Елімізде отбасын құруға асықпайтын 2 миллионға жуық қазақстандық бар. Бойдақ еркектер саны отау құрмаған әйелдерге қарағанда көп, деп жазады stan.kz.

Бойдақ еркек әйелдерден 133 мыңға көп.

Ұлттық статистика бюросы үйленбеген қазақстандықтардың басым бөлігі Түркістан облысында тұратынын анықтады. Онда 250 мыңнан астам бойдақ жігіт, 230 мыңға жуық басы бос қыз бар. Алматы облысында да басы бостар көп. Ал Атырауда ел бойынша некеге тұрмағандар ең аз, 59 мың бойдақ бар. Солтүстік Қазақстан облысында тұрмыс құрмаған 45 мың әйел тұрады.

Әлеуметтанушы Жанар Жандосованың айтуынша, статистика халықтың қаржылық және әлеуметтік жағдайға тікелей байланысты.

“Кедейлер саны көп аймақта некелесу де аз. Себебі жеке баспана, жұмыс болмағандықтан, отбасы болудан тартынады”, – деді әлеуметтанушы Жанар Жандосова.

Еліміздің барлық аймақтарында бойдақ еркек басы бос әйелден көп болғанымен, Алматыда тұрмысқа шықпаған қыз көбірек. Онда 230 мыңға жуық күйеуге шықпаған қыз және 189 мың бойдақ жігіт тұрады.

Әлеуметтанушы мамандардың айтуынша, тұрғын үй бағдарламасы, жұмысқа орналастыратын жастар бағдарламалары қажет. Бұл қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Алайда қаржы үйленбейдің жалғыз себебі емес. Кейбір адамдар жалғыз өмір сүріп үйреніп қалған, ал басқаларында екінші жартысын іздеуге уақыт жоқ.