20 адамнан асатын барлық ұжым вакцина салдыруы керек - ДСМ

0
426

Жаңа талаптар бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысына қол қойылғаннан кейін күшіне енеді.


20 адамнан асатын барлық ұжым вакцина салдыруы керек - ДСМ

ERNUR.KZ. 20 адамнан асатын барлық ұжым вакцина салдыруы керек немесе апта сайын ПТР-сынама тапсыруы тиіс. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Ұйымдасқан ұжымдар туралы сөз қозғағанда, 20-дан аса қызметкері бар кез келген ұжымды айтамыз. Яғни, 20 адамнан аасатын кез келген ұжымға міндетті түрде вакцинация жүргізу немесе медициналық қарсы көрсетілім болмаса, әр жеті күн сайын ПТР-сынама тапсыру талабы қойылады", - деді Есмағамбетова.

Ол жаңа талаптар бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысына қол қойылғаннан кейін күшіне енетінін хабарлады.

"Бүгінде бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысы әзірленіп жатыр. Оған қол қойылғаннан кейін бұл талаптар күшіне енеді", - деді Есмағамбетова.

Бұған дейін COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК Қазақстанның бас санитария дәрігеріне коронавирусқа қарсы вакцинадан бас тартатын (вакциналауға медициналық қарсы көрсетілімі жоқ) қызмет көрсету саласының қызметкерлері, өнеркәсіптік кәсіпорындар және өзге де ұйымдасқан ұжымдар үшін міндетті ПТР-сынама тапсыру талабын енгізуді ұсынған болатын.