200 мың теңге пара алған әкімге 10 млн теңге айыппұл салынды

0
1 826

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.


200 мың теңге пара алған әкімге 10 млн теңге айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі пара алғаны үшін айыппұл арқалады, деп жазады 7kun.kz.

«Шалбаев Жаңатұрмыс ауылдық округі аумағында жер телімін беру туралы оң шешім шығарғаны үшін 200 мың теңге пара алған. 16 тамызда Байзақ аудандық сотының үкімімен Шалбаевқа 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», — делінген хабарламада.

Аталмыш айыппұл сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап 6 ай ішінде төленуі тиіс. Өйтпеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыру шарасына ауыстырылады