2022 жылы қазақстандық студенттердің стипендиясы өседі

0
1 048

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.


2022 жылы қазақстандық студенттердің стипендиясы өседі

ERNUR.KZ. 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазақстандық жоғары оқу орындары студенттерінің стипендиясы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15%-ға өседі, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылдың қыркүйек айында бакалаврлар стипендиясының мөлшері 20%-ға, магистранттар мен докторанттар стипендиясының мөлшері 15%-ға артқан болатын. Осылайша, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы 31 423 теңгені, магистранттардікі – 76 950 теңгені, докторанттардікі – 172 500 теңгені құрады.

"Осы жылдың қыркүйек айынан бастап студенттердің стипендиясы тағы да 20%-ға өседі. Мысалы, педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы ала бастайды. Магистранттардың шәкіртақысы 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың шәкіртақысы 195 000 теңгеге дейін өседі",– деді БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.