2024 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий алынып тасталды: Кәсіпкерлер үшін не өзгереді

0
635

Қазір елімізде 1,5 миллионға жуық шағын және орта бизнес субъектісі бар.


2024 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий алынып тасталды: Кәсіпкерлер үшін не өзгереді

ERNUR.KZ. 2024 жылдың басынан бастап Қазақстанда бизнесті тексеруге мораторий жойылды, деп жазады stan.kz.

Қазір елімізде 1,5 миллионға жуық шағын және орта бизнес субъектісі бар. 2020 жылдан бері бизнестің дамуына мораторийдің айтарлықтай ықпалы болды.

Талғат Дүйсенбаев Ақтөбеде гүл дүкендерінің желісін басқарады. Кәсіпкер соңғы бірнеше жылда өз ісін ел көлеміне дейін кеңейте алғанын, төрт өңірде мұндай дүкен желілерін ашқанын айтады. Талғат Дүйсенбаевтың пікірінше, кәсібі бойынша әрі қарай даму жоспарлары бар. Шағын және орта бизнесті тексеруге мораторийдің күшін жоятын болса, еш қорқыныш жоқ екенін айтады.

"Мен қазір мемлекет тарапынан қандай да бір тексеріс болмасын, әр кәсіпкер ар-ұяты үшін жұмыс істеуі керек. Содан кейін еш қорықпау керегін айтамын. Осылайша мемлекеттік органдар тарапынан болатын кез келген тексерулерге әрқашан дайынбыз. Тек сонда ғана кәсіпкер тыныш ұйықтайды", – деді кәсіпкер Талғат Дүйсенбаев.

Ал ұлттық экономика министрлігі бизнесті толық тексеру болмайтынын атап өтті. Сонымен қатар жоспарлы тексерулер болмайды және олар профилактикалық тексерулермен ауыстырылады. Тексерулер тек ведомствоның есептеуі бойынша жылына екі рет өткізіледі.

"Бұған дейін біз барлық салалар бойынша жоспарлы түрде тексеріп отырдық. Мұндай салалар қатарында санитарлық-гигиеналық салауаттылығы, өрт жүйесі, салықтық тексерулер және басқа да қызмет жүйесінде ерекше тексеріс болмайды, яғни жоспарлы тексерулер болмайды. Егер тексеру кезінде құқық бұзушылық анықталса, кәсіпкерге бұрынғыдай айыппұл салынбайды”, – дейді ұлттық экономика министрлігінің өкілі Жарас Сұлтанбек.

Бұған дейін үкіметтің баспасөз қызметі мемлекет қолайлы кәсіпкерлік ортаны құруға шешуші мән беретінін атап өткен еді. Ол үшін артық талаптарды анықтау бойынша жұмыс жүргізілді. Соның 10 мыңнан астамы анықталып, 9 мыңы жойылды. Өз қызметін адал атқарған кәсіпкерлерге әкімшілік қысым төмендейді деп күтіліп отыр.