2024 жылы әскери дайындыққа екі есе көп қазақстандық шақырылады

0
362

Бұйрық жобасы 23 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.


2024 жылы әскери дайындыққа екі есе көп қазақстандық шақырылады

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі "Әскери қызметке міндеттілерді 2024 жылға әскери дайындыққа шақыру туралы" бұйрық дайындады, деп жазады zakon.kz.

"2024 жылы әскери дайындықтан өтуі тиіс 3000 адамды әскери дайындыққа шақыру", - делінген құжатта.

Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

Бұйрық жобасы 23 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

2023 жылы Қорғаныс министрлігі 1500 қазақстандықты әскери дайындыққа шақырды.