2024 жылы зейнетақы қалай өседі

0
574

Жасы бойынша зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері 2024 жылы 152 295 теңгеге жетеді.


2024 жылы зейнетақы қалай өседі

ERNUR.KZ. 2024 жылы зейнетақының қандай түрлері және оларды қаншаға арттыру жоспарланып отыр. Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді, деп жазады baq.kz.

Жасына және еңбек өтіліне байланысты зейнетақы төлемдері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген мөлшерде жыл сайын ұлғайып отырады.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес 2024 жылға арналған инфляция деңгейі 6-8 пайыз дәлізінде көзделгенін ескере отырып, «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында зейнетақы төлемдеріне қаражат бөлінді. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жасы мен еңбек өтілі олардың мөлшерін 9 пайызға ұлғайту ескеріле отырып қамтамасыз етіледі, - деді министрлік.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 7 пайызға өседі.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері белгіленген күнкөріс минимумының 60 пайызынан 65 пайызға, ең жоғары мөлшері - 100 пайыздан 105 пайызға дейін өседі, - деп толықтырды Еңбек министрлігі.

2024 жылы Қазақстандағы зейнетақының ең жоғары және ең төменгі мөлшері қанша болады.

Бюджеттік заң жобасында 2024 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 57 853 теңге, ал ең төменгі базалық зейнетақы төлемі 28 215 теңге болады деп көрсетілген.

Жасы бойынша зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері 2024 жылы 152 295 теңгеге жетеді.

Бұған қоса, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі қарастырылған, оның ең жоғары мөлшері 2024 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 105 пайызын, яғни 45 578 теңге болады. Зейнетақы төлемдерінің жалпы сомасы 197 873 теңге болады, - деп түсіндірді министрлікте.