​2025 жылға дейін ауылдардың 80% орталықтандырылған су жүйесімен қамтылады

0
1 208

Еліміздегі елді мекендерді сумен қамту өзекті мәселе. Елбасы салаға бөлінетін қаржыны жыл сайын 100 млрд теңгеге арттыруды тапсырған.


​2025 жылға дейін ауылдардың 80% орталықтандырылған су жүйесімен қамтылады

ERNUR.KZ. 2025 жылға дейін еліміздегі ауылдардың 80% орталықтандырылған су жүйесімен қамтылуы керек. Қазір бұл көрсеткіш 60% асқан, деп жазады Хабар 24.

Биыл да сала бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылмақ. Бұл үшін шамамен 120 млрд теңге қаражат қарастырылды.

Биыл елімізде су жүйесі мәселесін шешу бағытында 300-ден аса жоба жүзеге асырылуы тиіс.

Еліміздегі елді мекендерді сумен қамту өзекті мәселе. Елбасы салаға бөлінетін қаржыны жыл сайын 100 млрд теңгеге арттыруды тапсырған. Бүгінде «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 400 жоба жүзеге асырылды. 23 мың шақырымнан аса су құбыры тартылды. Биыл тағы 317 жоба жүзеге аспақ. Оған 102 млрд теңге бөлінген. Атқарылған жұмыстар жалғасын тапса, 2025 жылға дейін елді мекендер 80%, қалалар толықтай таза сумен қамтылады. Айтпақшы, биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында су мәселесін шешуге 16,5 млрд теңге қарастырылып отыр.

Ауыл тұрғындарының жартысынан көбі таза суға жарымай отырғаны белгілі. Десе де, мәселені күн тәртібінен алатын уақыт алыс емес. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында алдағы екі жылда түйткілді түбегейлі шешу жоспарланған. Бұл үшін 103 млд теңге қарастырылды. Ал Түркістан облысында 97% жеткізілмек.

Жыл басынан бері Еуразиялық экономикалық одақтың «Табиғи минералды суды қоса алғанда, қаптамадағы ауыз судың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті күшіне енді. Жаңа талап бойынша қаптамадағы судың сапасы мен қауіпсіздік деңгейін көрсету маңызды емес. Демек, кәсіпкерлердің нарықтағы бәсекесі жаңа сипатқа ие болады. Жалпы елімізде 500-ден аса кәсіпорын минералды суды өндіріп, шығарады. Дені шағын ұйымдар. Өндірілетін алкогольсіз сусындардың 93% ішкі нарықты қамтиды. Сырттан әкелінетіні де аз емес. Өткен жылы отандық кәсіпкерлер 1 млрд литрге жуық минералды су өндірген. Белсенділер көшін Алматы, Алматы облысы және Түркістан бастайды.