"27 жастағы қызды зорлады": Талдықорған полициясының басшысы 2 айға қамауға алынды

0
579

Бұл туралы облыстық сот хабарлады.


ERNUR.KZ. 27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған қалалық ІІБ бастығы қамауға алынды, деп жазады inbusiness.kz.

"Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 14 қарашадағы шешімімен күдікті К.-ға қатысты 2 ай мерзімге "қамау" бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты сот шешімі қанағаттандырды", деп хабарлады Жетісу ҚБ баспасөз қызметі.

Бұл туралы облыстық сот хабарлады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, Талдықорған полиция департаментінің басшысы әйел зорлады деген күдікпен ұсталғанын жазған болатынбыз.