28 тамыздан бастап пойыздарда темекі шегуге тыйым салынады

0
2 052

Бұл жайлы «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директорының қызмет көрсету және клиенттік қатынастар жөніндегі орынбасары Едіге Мыханов хабарлаған.


28 тамыздан бастап пойыздарда темекі шегуге тыйым салынады

ERNUR.KZ. 28 тамызда ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің жолаушыларды тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрығы күшіне енеді, деп жазады 7kun.kz.

«Сондай-ақ жолаушылар поездарында арнайы бөлінген орындарда темекі шегуге тыйым салынады. Бұған дейін пойыздарда тамбурлар болған, енді өкінішке орай темекі шегуге (поездарда) тыйым салынады», – деді ол 21 тамызда өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, темекі шегушілер туралы көптеген шағымдар түскен.

«Өздеріңіз білесіздер, қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу туралы заң баяғыда күшіне енген және бәрі жүйелі түрде қабылдануда. Бұрын мейрамханада біз шылым шегетінбіз, бірақ қазір арнайы бөлінген жерлерде темекі шегуіміз керек», — деді Мыханов.

Компания өкілінің айтуынша, пойыз ішінде шылым шегу фактісі анықталған жағдай акт толтырылып, желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері шақырылады. Хаттама толтырылып, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 571-бабы «Тасымал ережесін бұзу» бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.