30 жылда қызметтік борышын өтеу кезінде 802 полицей қаза тапқан

0
358

Биыл Мемлекет басшысының Жарлықтарымен 27 қызметкер мемлекеттік наградалармен, ішкі істер органдарының 3560 қызметкері ведомстволық наградалармен марапатталды.


30 жылда қызметтік борышын өтеу кезінде 802 полицей қаза тапқан

ERNUR.KZ. Тағы 2650 тәртіп сақшысы жарақат алған, деп жазады inbusiness.kz.

«Өткен аптада қазақстандық тәртіп сақшылары кәсіби мереке-полиция күнін атап өтті. Бүгінде ішкі істер министрлігі – ондаған мың қызметкер еңбек ететін елдегі ең ірі және көпфункционалды мемлекеттік органдардың бірі. Күн сайын полицейлер құқық қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша күрделі қызмет атқарады», – деді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз бүгінгі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері қызметтік борышын орындау кезінде 802 қызметкер қаза тауып, 2650 адам жарақат алған.

«Биыл Мемлекет басшысының Жарлықтарымен 27 қызметкер мемлекеттік наградалармен, ішкі істер органдарының 3560 қызметкері ведомстволық наградалармен марапатталды»,– деді ол.