4 бала қаза тапқан жол апатының мән-жайы белгілі болды

0
214

Шұбаршы орта мектебінің 4 және 6-сынып оқушылары, бөбекжай мектебінің 6-сынып оқушылары және Кеңқияқ орта мектебінің дайындық тобының оқушысы.


4 бала қаза тапқан жол апатының мән-жайы белгілі болды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының білім және денсаулық сақтау басқармалары Ақтөбе-Астрахань тас жолында болған жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтты, деп жазады baq.kz.

Бұған дейін 2024 жылдың 6 наурызында Ақтөбе-Астрахань тас жолында екі көлік соқтығысқаны туралы жазған болатынбыз. Апат салдарынан сегіз адам қаза болды. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі тергеу аясында жол-көлік оқиғасының себептерін анықтау және зардап шеккендерді анықтау шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.


Жол апатына қатысты Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова түсініктеме берді.

Ақтөбе-Астрахань тас жолында жол көлік оқиғасы болды. Осы қайғылы оқиға салдарынан сегіз адам қаза тапты. Олардың төртеуі кәмелетке толмаған бала. Атап айтқанда, Шұбаршы орта мектебінің 4 және 6-сынып оқушылары, бөбекжай мектебінің 6-сынып оқушылары және Кеңқияқ орта мектебінің дайындық тобының оқушысы. Барлық баланың қасында ата-аналары мен туыстары болды, - деді Нұргүл Бертілеуова.

Оның айтуынша, оқушылар заңды өкілдерінің өтініші бойынша отбасылық және денсаулық жағдайы бойынша сабаққа қатыспаған.

Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасында жол апатына қатысты түсініктеме берді.

2024 жылғы 6 наурызда Ақтөбе облысында Ақтөбе – Астрахань тас жолында 120 км жерде Largus және Hilux маркалы екі автокөліктің соқтығысқан. Апат салдарынан Largus көлігі өртеніп кеткен. Сегіз адам қайтыс болды, - деді Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша м.а. Нұрбол Тымпиев.

Ол зардап шеккендердің үшеуі Мұғалжар аудандық ауруханасына жеткізілгенін, онда мамандардың қарауынан кейін олар ауруханаға жатқызудан бас тартқанын айтты.