46-шы кеншіні іздеу жұмысы неге ұзаққа созылды – министр жауабы

0
329

Ол шахта астындағы үйінділерді тазарту, жолдарды ашу, кеншілерді іздеу жұмысы қарбалас жағдайда жүргенін атап өтті.


46-шы кеншіні іздеу жұмысы неге ұзаққа созылды – министр жауабы

ERNUR.KZ. Костенко шахтасындағы апаттан қаза тапқан соңғы кеншіні денесін табу ұзаққа созылу себебі айтылды, деп жазады inform.kz.

«Құтқарушылар тәулік бойы, үзіліссіз іздеу жұмыстарын жүргізді. Біз шахта астына түсіп, жағдайды қарап, құтқарушылардың жұмыс істеу жағдайын бағаладық. Жарылыс салдарынан көптеген техника мен жабдықтар зақымданып, үйінділер пайда болды», - деді Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол шахта астындағы үйінділерді тазарту, жолдарды ашу, кеншілерді іздеу жұмысы қарбалас жағдайда жүргенін атап өтті.

"Біраз кеншілердің денесі алғашқы күндері табылды. Бірақ 46-шы кеншіні табу өте қиынға соқты. Тек дене бөліктері ғана табылды», - дейді ведомство басшысы.

Бұған дейін Костенко шахтасындағы апаттан кейін 46 кеншінің дене бөлшектері табылғаны туралы хабарлаған едік.