5 жасар баланы дұрыс сүндеттемеген павлодарлық хирург қатаң сөгіс алды

0
523

Баланы 13 жылдық тәжірибесі бар дәрігер сүндеттеген.


5 жасар баланы дұрыс сүндеттемеген павлодарлық хирург қатаң сөгіс алды

ERNUR.KZ. Тамызда сәтсіз сүндеттелген 5 жасар бала Павлодардағы емхананың урология бөліміне түскен. Дәрігер сүндеттеу кезінде баланың жыныс мүшесі басының үштен бірін кесіп тастаған, сөйтіп зәр шығарушы каналға зақым келген. Ата-ана қателік жіберген хирургті жазалауды сұрады, деп жазады inform.kz.

Баланы 13 жылдық тәжірибесі бар дәрігер сүндеттеген.

“Балалар хирургиясы” мамандығы бойынша бірінші біліктілік санаты бар.

Осы оқиғадан кейін қызметтік тексеру жүргізілді. Оны ота жасаудан шеттетті.

Қазіргі уақытта дәрігер ол ауруханада жұмыс істемейді, өз қалауымен қызметінен кеткен.

— Баланы сүндеттеу кезінде жіберген қателігі үшін дәрігер-хирург тәртіптік жауапқа тартылып, 2 ай жедел хирургия жасаудан шеттетіліп қатаң сөгіс алды. Содан кейін дәрігердің өз қалауымен еңбек келісімшарты тоқтады, - деп хабарлады Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомство хабарлауынша, Павлодар емханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Астанадағы Ана мен бала орталығы урологиялық бөлімше меңгерушісі және баланы емдейтін дәрігермен үнемі байланыста болған.

Қазір уақытта ол астаналық Ана мен бала орталығының урология бөлімшесінен ем алып, үйіне шыққан.

— Баланың жағдайы бірқалыпты, жарасы жазылды, катетерлер алынды, еркін зәр шығарады, - деп пікір білдірді денсаулық сақтау басқармасы.