6 айда жол апатынан 700 адам қаза тапқан

0
353

Елімізде жол апатынан тәулік сайын 10-нан аса адам қаза табады.


6 айда жол апатынан 700 адам қаза тапқан

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда жол апатынан 700-ден астам адам қаза тауып, 7 мыңға жуығы түрлі дене жарақатын алған. Осыған байланысты министрлік азаматтарға үндеу жасады, деп жазады zakon.kz.

Елімізде жол апатынан тәулік сайын 10-нан аса адам қаза табады. Оған қоса 70-ке жуығы түрлі жарақат алады. Хол апатынан зардап шегушілердің басым бөлігі –балалар мен 40 жасқа дейінгі азаматтар.

Жол көлік оқиғасының басты себептері – жылдамдықты асыру, қарсы жолаққа шығып кету және жүргіншілер жолын байқамау, – дейді министрлік.

Министрлік азаматтарға жол ережесін қатаң сақтауды ескертті.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстановтың айтуынша, жылдамдықты және көліктер арасындағы қауіпсіз қашықты сақтау өте маңызды.

"Мысалы, тыйым салынған жерден жүгіріп өтудің өзі сізге оңай болып көрінгенімен оның зардабы ауыр. Жылдамдық режимін сақтамау отбасы үшін қатерлі. Сондықтан жылдамдық режимін, автокөліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтау өте маңызды. Бұл апаттың алдын алуға көмектеседі", - дейді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов.