​"7-20-25" бағдарламасы бойынша 2 бөлмелі пәтер жоғары сұранысқа ие

0
1 314

Бағдарлама бойынша айлық табыстың қанша болуы керектігі де анықталды


​

фото: sochinews.io

ERNUR.KZ. "7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотека кредитін төрт банк ұйымы береді: Центркредит банкі, АТФБанк, Bank RBK және Цеснабанк, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ Сыртқы байланыс қызметі бастығының орынбасары Айбар Олжаев хабарлады.

Оның айтуынша, осы аптада бағдарламаға тағы бір қаржы институты - "Еуразиялық банк" қосылады.

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына (АҚ) қатысты. Бүгінгі таңда тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "7-20-25" бағдарламасы бойынша өз тұтынушыларымен белсенді дайындалу жұмысын жүргізіп жатыр. Банктің ішкі механизмі сәйкестендіріліп, сонымен қатар банктің сенімді басқаруға лицензия алу процесі де жүріп жатыр. Біздің ойымызша, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тез арада "7-20-25" бағдарламасына қосылып кетеді", - деді Айбар Олжаев.

Айта кетейік, "7-20-25" бағдарламасы бойынша ең жоғары сұраныста аумағы 62 шаршы метр екі бөлмелі пәтерлер екені анықталды. Сонымен бірге, "7-20-25" бағдарламасы арқылы сатып алынатын баспананың орташа құны да есептелді.

«7-20-25»: Пәтер алушылардың отбасылық табысы қанша болуы тиіс