​8 жасар ақтөбелік кеудені жерден көтеруден рекорд орнатты

0
1 649

Мұса алдағы уақытта жаттығуын жалғастырып, өз бағытын айқындайды.


​8 жасар ақтөбелік кеудені жерден көтеруден рекорд орнатты

ERNUR.KZ. Ақтөбелік оқушы Мұса Туркумбаев кеудені жерден көтеріп, Қазақстан рекордын жаңартты, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақтөбелік мектеп оқушысы өз жанкүйерлерін тағы таңқалдырды. 8 жасар Мұса Туркумбаев кеудесін 1013 рет жерден көтеріп, Қазақстан рекордын жаңартты.

«Мұса кеудесін 1600 рет жерден көтере алады. Бұған дейін алматылық 1000 рет кеудесін көтеріп, Қазақстан рекордын орнатқан. Біз үшін сол көрсеткіштен сәл ғана асу жеткілікті болды. Аса көп дайындық болмады. Бір күн бұрын сынға түсетінімізді біліп, сеніммен бардық»,- дейді Мұсаның әкесі Асхат Туркумбаев.

Айта кетейік, Мұса биыл дзюдо күресіне қатысып, өзінің спорттағы жетістіктерін жалғастыруды жоспарлап қойған. Ал Гиннестің рекордын жаңарту 8 жасар бала үшін оңай болғанымен, құжаттарын тапсыру қиынға соғып тұр.

«Гиннес рекордын жаңартудың құжаты көп болған соң, біз бәрінен бас тарттық. Мұса алдағы уақытта жаттығуын жалғастырып, өз бағытын айқындайды»,- деді А.Туркумбаев.