80 мың киікті жоюды ұсынған министрлік ит пен мысықты жоюға неге 654 млн теңге бөлінгенін түсіндірді

0
378

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев үйсіз жануарларға қатысты қазіргі ережелерге тоқталып өтті.


80 мың киікті жоюды ұсынған министрлік ит пен мысықты жоюға неге 654 млн теңге бөлінгенін түсіндірді

ERNUR.KZ. Бұл мәселе Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдеріне Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз конференциясында бірнеше рет көтерілді baq.kz.

Журналистер министрлік өкілдерінен Шымкентте ит-мысықтарды жою үшін бөлінген 654 миллион теңге шығын әр аймақта барын айтып, жануарларға аман қалуға мүмкіндік бермей, оларға адамшылыққа жатпайтын қарым-қатынас жасау қашан тоқтайтынын сұрады. Үйсіз ит-мысықтарға Туркия мен Грузия елдеріндегідей стерилизация мен вакцинация жасап, бостандыққа жіберетіндей тәжірибе Қазақстанға керек екенін алға тартты.

Оған ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Нұрлан Қылышбаев жауап берді.

БАҚ-та айтылған «жою» тұжырымы Ветеринария заңының қазіргі кезде күші жойылған ережелерінде көрсетілген. Ескі заңда сондай тұжырым болған. Қазіргі кезде ол «гуманды түрде жансыздандыруға» ауыстырылды. Сондай-ақ ол тек үйсіз ит-мысықтардың адамдардың денсаулығы мен өміріне немесе басқа жануарларға қауіп төндірген кезде, өзі ауру болып, ауруын жұқтыратындай жағдайларда қолданылады, - деді ол.

Онымен қоса, комитет төрағасы аталған мәселе бойынша қаржыландыру ел бойынша шешіліп қойғанын айтты. Ал 654 миллион теңге Шымкентке 2020-2025 жылдарға яғни бес жылға, ветеринария туралы ескі заңның аясында бөлінгенін атап өтті. 2022 жылдың наурызынан жаңа заң күшіне енгенін еске салды.

Осы орайда, Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев үйсіз жануарларға қатысты қазіргі ережелерге тоқталып өтті.

Егер қаңғыған итті тапса, оны алдымен жануарлар үйіне апарады. Тәулік ішінде ауруларының бар-жоғын анықтайтын тексерістерден өткізеді. Егер бір аптаның ішінде иттің иесі табылмаса, стерилизациядан кейін жануар бостандыққа жіберіледі, - деді ол.