87 миллион теңгеге модульдік дәретхана салған: Ақтаулық шенеунікке айыппұл салынды

0
1 397

Маңғыстау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді.


87 миллион теңгеге модульдік дәретхана салған: Ақтаулық шенеунікке айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ғалымжан Серікбаев қала аумағында 87 миллион теңгеге модульдік дәретхана салғаны үшін айыппұл арқалады, деп жазады stan.kz.

Маңғыстау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудитке сәйкес "Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ қызметінде заңбұзушылықтар анықталды. Басшы Ғалымжан Серікбаевқа Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 207-бабы бойынша 200 АЕК (690 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, әкімшілік іс қозғалды", - делінген хабарламада.