9 маусым күні Атыраудағы 40 мың вахта жұмысшысы қай жерде дауыс береді

0
1 292

40 мың ауысым жұмысшысы екі орта мектепте орналасқан сайлау учаскелерінде дауыс бере алады


9 маусым күні Атыраудағы 40 мың вахта жұмысшысы қай жерде дауыс береді

ERNUR.KZ. Атырауда 9 маусым күнгі президент сайлауында 40 мың ауысым жұмысшысының қай жерде дауыс беретіні талқыланды, деп жазады inform.kz.

«9 маусым күні жұмыс істейтін ауысымдық жұмысшылардың көпшілігі Жылыой ауданы Теңіз мұнай-газ кен орнындағы үшінші буын зауытының құрылысы бойынша жұмыс жасайды. Теңіз құрылысшылары Жаңа Қаратондағы екі орта мектепте орналасқан сайлау учаскелерінде дауыс бере алады. Қарабатан жұмысшылары Геолог кентіндегі мектепке барады. Ауысым жұмысшыларын сайлау учаскелеріне жеткізуді автобус беретін мердігер компания өз мойнына алды», - деді Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманақұлов.