Абай облысы арқылы Қытайға баратын теміржол желісі салынады

0
1 202

Мемлекет басшысы Абай облысы тоғыз жолдың торабында тұрғанын, Ресеймен, Қытаймен шектесетінін тілге тиек ете келе, осы мүмкіндікті ұтымды пайдалану керек екенін айтты.


Абай облысы арқылы Қытайға баратын теміржол желісі салынады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай өңірінде жұртшылық алдында сөйлеген сөзінде Бақты ауылы арқылы Қытайға теміржол желісін тарту қажеттігін айтты, деп жазады zakon.kz.

Мемлекет басшысы Абай облысы тоғыз жолдың торабында тұрғанын, Ресеймен, Қытаймен шектесетінін тілге тиек ете келе, осы мүмкіндікті ұтымды пайдалану керек екенін айтты. Ол үшін жолдарымыз сапалы әрі қауіпсіз болуы керек.

"Еліміздің көлік әлеуетін дамыту үшін Бақты арқылы Қытайға баратын теміржол желісін салуды жоспарлап отырмыз. Бұл теміржолды міндетті түрде салуымыз керек. Үкімет осы мәселемен айналысады", - деді ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оған қоса президент өңірде "құрғақ порт", "логистикалық парк" салып, көлік дәлізін дамыту қажет екенін айтты.

"Халықаралық маңызы бар күре жол Семей арқылы өтеді. Сондықтан, ең алдымен, қаладағы екі көпірді жөндеу қажет. Биыл мұнда жаңа көпірдің құрылысы басталды. Үкімет облыс әкімдігімен бірлесіп, оны үш жылда салып бітіруге тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ жауапты органдарға аспалы көпірге күрделі жөндеу жүргізу тапсырылды.