Абай облысында 15 жастағы оқушы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

0
599

Жасөспірімнің белгілері: спорттық дене бітімі, көздері жасыл, шашы ақшыл, иығынан төмен.


Абай облысында 15 жастағы оқушы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жастағы Юрченко Александра Михайловнаны іздеп жатыр, деп жазады ulysmedia.kz.

Полиция мәліметінше, кәмелетке толмаған қыз 19 маусым сағат 15:00-де үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, әлі оралмаған.

Бойжеткен сұр түсті джинсы киіп, өзімен бірге қара түсті рюкзак алған.

Жасөспірімнің белгілері: спорттық дене бітімі, көздері жасыл, шашы ақшыл, иығынан төмен.

Іздестіріліп жатқан жасөспірімге қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз, +7 (707) 951-46-65, +7 (707) 503-26-43 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауға болады.