Абай облысында су тасқыны кезінде жоғалып кеткен үш адам іздестіріліп жатыр

0
219

Іздеу жұмыстарына жүзден астам адам жұмылдырылды.


Абай облысында су тасқыны кезінде жоғалып кеткен үш адам іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Абай облысы Аягөз ауданында су тасқыны кезінде жоғалып кеткен үш ер адам іздестіріліп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, іздеу жұмыстарына Абай облысы ТЖД, Полиция департаменті, ЖАО, ҚМ күштері мен құралдарынан барлығы 82 адам, 4 жүзу құралы, 9 бірлік техника, 4 пилотсыз ұшу аппараты, сондай-ақ жергілікті тұрғындар арасынан азаматтар жұмылдырылды.

«Аягөз ауданына психологиялық көмек көрсету үшін Абай облысы ТЖД психологтары барды. Сүңгуір жұмыстары су айдындарының көктемгі ластануына, суасты көрінуінің нашарлығына және су ағынының жоғары жылдамдығына байланысты күрделене түсуде. 27 наурызда сағат 18.26-да Семей қаласының ҚМ МИ-17 тікұшағы Борлы өзені бойын аэровизуалды қарауға әуеге ұшты», - делінген хабарламада.

Алайда аумақты зерттеу нәтиже бермеді.

«Іздеу-құтқару жұмыстары тәуліктің қараңғы уақытының басталуына байланысты уақытша тоқтатылды. 28 наурызда таңғы сағат 06-дан бастап іздеу жұмыстарын қайта басталды», - делінген хабарламада.