Абайда биіктігі 80 см-ге дейін қар жауып, төтенше жағдай жарияланды

0
1 184

Осыған байланысты республикалық маңызы бар жолдармен жүріп-тұруға шектеу қойылды.


Абайда биіктігі 80 см-ге дейін қар жауып, төтенше жағдай жарияланды

ERNUR.KZ. Абай облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Өңір аумағында өткен күндері биіктігі 80 см-ге дейін қалың қар жауған, деп жазады BAQ.KZ.



Осыған байланысты республикалық маңызы бар жолдармен жүріп-тұруға шектеу қойылды.

Абай облысының жолшылары мен ТЖД көмегімен «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының 970-995 км учаскесінде 385 адам эвакуацияланды. Жылдам көмек көрсету мақсатында тек жер үсті ғана емес, сонымен қатар әуе қызметтері де тартылды.

"ҚазАвтоЖол" хабарлауынша, қазіргі таңда Қалбатаудан Көкпектіге дейінгі жол ашылды. Жүріс бөлігін кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Жол қызметтері жолда қалған көліктерді жылытуға көмектесуде.

Аталмыш учаскеде 14 жол техникасы жұмылдырылған. Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін қосымша қар тазалау техникасы мен персонал тартылады.