А.Байтұрсынұлының мерейтойы Парижде атап өтіледі

0
760

4 қазанда Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде көрнекті қоғам қайраткері, лингвист және жазушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған "дөңгелек үстел" өтеді.


А.Байтұрсынұлының мерейтойы Парижде атап өтіледі

ERNUR.KZ. Іс-шараға Қазақстан Ғылым және жоғары білім Вице-министрі Талғат Ешенқұлов, ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары, сонымен бірге Әзербайжан, Қазақстан, Түркия және Германиядан ғалымдар қатысады, деп жазады inbusiness.kz.

Сондай-ақ, опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай "Сазген сазы" этно-фольклорлық ансамблі, халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Медет Чотабаев, Жұбаныш Жексенұлы, Ренат Гайсин, сондай-ақ халықаралық байқаулардың лауреаты Ерке Есмаханның қатысуымен салтанатты концерт өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ЮНЕСКО Бас конференциясының 41-ші сессиясында бұл екі маңызды күн ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған атаулы күндер тізіміне енгізілген.