"Adal" партиясының өз жұмысын тоқтатқаны белгілі болды

0
569

Партия 2013 жылдың 26 сәуірінде "Әділет" және "Руханият" партияларының қосылуы нәтижесінде тіркелген.


ERNUR.KZ. "Adal" партиясы өз қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады, деп жазады stan.kz.

"Adal" партиясы өз қызметін тоқтату үшін құжаттарды тапсырды", - делінген хабарламада.

Партия 2013 жылдың 26 сәуірінде "Әділет" және "Руханият" партияларының қосылуы нәтижесінде тіркелген. 2022 жылдың сәуірінде Аdal биліктегі "Аmanat" партиясына қосылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда алты партия тіркелген:

1.Amanat партиясы

2. Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы

3. Қазақстан халық партиясы

4. "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы

5. "Ұлттық социал-демократиялық партия"

6. "Байтақ" Қазақтанның жасылдар партиясы.

Еске салайық, 30 қарашада Қазақстанда "Байтақ" жаңа саяси партия тіркеуден өткен.

24 желтоқсанда Әділет министрлігі "Ел тағдыры" партиясының құжаттарын тіркеуге қабылдағаны белгілі болды.