Әділбек Жақсыбеков QazaqGaz директорлар кеңесінен кетті

0
824

Әділбек Жақсыбеков бұл қызметке 2020 жылы қарашада тағайындалған.


Әділбек Жақсыбеков QazaqGaz директорлар кеңесінен кетті

ERNUR.KZ. Әділбек Жақсыбеков QazaqGaz директорлар кеңесінен кетті, деп жазады Tengrinews.kz.

"Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының 2022 жылғы 18 ақпандағы шешіміне сәйкес "QazaqGaz ҰК" АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Осы шешімге сәйкес, Әділбек Жақсыбеков, Қайрат Шәріпбаев және Мәлік Сәулебайдың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды", - делінген компания хабарламасында.

Сондай-ақ, Ернат Бердіғұлов пен Николай Казутин компанияның директорлар кеңесінің мүшесі болған. QazaqGaz директорлар кеңесінің жаңа төрағасы болып Ернат Бердіғұлов сайланған.

Әділбек Жақсыбеков бұл қызметке 2020 жылы қарашада тағайындалған.

Жақсыбеков әр жылдары Қазақ КСР-і Мемлекеттік кино және Мемлекеттік жабдықтау жүйелерінде жұмыс істеді, бірқатар кәсіпорынға жетекшілік етті. 1988-1995 жылдары "Цесна" көпсалалық корпорациясының басшысы болды. 1995 жылы Парламент Сенатына сайланды.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары болды. 1997-2003 жылдары Астана әкімі, 2003-2004 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрі қызметтерін атқарды. Содан кейін төрт жыл бойы ҚР Президенті Әкімшілігін басқарды. 2008 жылдың қаңтарынан қазанына дейін "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары - ҚР Президентінің кеңесшісі болды.

2008-2009 жылдары Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі болып жұмыс істеді. 2009-2014 жылдары қорғаныс министрі қызметін атқарды. Осы жылдың сәуір айында Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.

2014 жылғы 22 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының (бұрынғы Астана) әкімі болып тағайындалды.

2016-2018 жылдар аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болды.