​Адвокат "Дикий" Арманның не үшін қамауға алынғанын айтты

0
742

7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында "Дикий Арман" бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталғаны хабарланған болатын.


​Адвокат

ERNUR.KZ. Адвокат Евгений Яворский Арман Жұмагелдиевті қамауға алу себебін айтты, деп жазады Stan.kz.

"Тергеуші Сәрсенбек Н., Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын қарап, мынаны анықтады: 2022 жылдың 1 мен 10 қаңтары аралығында Қазақстан Республикасының аумағында болған жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру фактісіне қатысты ҚР ҚК 272-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - делінген адвокат Евгений Яворскийдің 24 қаңтардағы өтінішін қанағаттандыру туралы қаулыда.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арман Жұмагелдиевке қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.

Еске салсақ, 7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында "Дикий Арман" бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталғаны хабарланды.Қылмыскерлерден түрлі марка мен калибрлі 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен броньдалған көлік тәркіленді.

"Дикий Арманды" ұстау сәтінің суреттері жарияланды.