АЭА қатысушылары үшін жер учаскесін сатып алу мүмкіндігі көзделген – министр

0
442

Нұрлан Байбазаров арнайы экономикалық аймақ тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданып жатқанын айтты.


АЭА қатысушылары үшін жер учаскесін сатып алу мүмкіндігі көзделген – министр

ERNUR.KZ. Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров инвестицияны қолдау мен ынталандыру шаралары туралы баяндады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Инвестициялық белсенділік серпінді экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін үлкен маңызға ие. Үкімет алдына инвестициялар тарту бойынша өршіл міндеттер қойылды. 2024 жылы жоспар бойынша негізгі капиталға 22,1 трлн теңге инвестицияланады, бұл өткен жылдың қорытындысынан 22%-ға артық. Инвестициялық жобалардың Бірыңғай пулы аясында ағымдағы жылы 2,3 трлн теңге сомаға 234 жобаны іске асыру жоспарланған. Өңірлердің әрбір әкімі мен салалық мемлекеттік органдардың министріне KPI бекітілген», - деді ол.

Министрдің мәліметінше, бүгінгі таңда инвестициялар тарту бойынша бірқатар тиімді құралдар қолданылады.

«Осылайша, ірі инвесторларды тарту үшін Басым қызмет түрлерінің тізбесінен тыйым салынған тізімді қалыптастыруға көшу жолымен Инвестициялар туралы келісім жасасу тетігі жетілдірілді. Бүгінгі таңда осындай 6 келісім жасалды», - деп атап өтті министр.

Министрдің айтуынша, инвестициялар бойынша салық заңнамасының тұрақтылығы кәсіпорындарға инвестициялардың қайтарымдылығын болжауды қамтамасыз ете отырып, ұзақ мерзімді кезеңге қаржылық ағындарды жоспарлауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, геологиялық барлауға инвестициялар тарту және Қазақстанның мұнай-газ саласының минералдық-шикізат базасын толықтыру мақсатында 2023 жылдан бастап жақсартылған модельдік келісімшарт жасасу кезінде фискалдық ынталандыру енгізілді.

«Арнайы экономикалық аймақ тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, барлық инвестициялық міндеттемелер орындалғаннан кейін Арнайы экономикалық аймақ қатысушылары үшін жер учаскесін сатып алу мүмкіндігі көзделген.
Аралас режимді аумақтар айқындалды, бұл жерде басым жобалар АЭА режимінде жеңілдіктер алады, ал басымдықтардан тыс жобаларды іске асыруды жоспарлап отырғандар инфрақұрылым ғана алатын болады», - деді Байбазаров.

Сондай-ақ АЭА қатысушылары үшін «инвестициялар неғұрлым көп болса, жеңілдіктер соғұрлым көп» қағидаты бойынша салықтық жеңілдіктер берудің сараланған тәсілі енгізілді.