«Аэрофлот» Қазақстанның жеті қаласына рейстерді тоқтатты

0
2 185

Оған қоса, 90-ға жуық халықаралық рейстің бір бөлігі 30 сәуірге дейін тоқтатылады.


«Аэрофлот» Қазақстанның жеті қаласына рейстерді тоқтатты

ERNUR.KZ. Ресейлік «Аэрофлот» әуе компаниясы пандемияға байланысты халықаралық рейстердің ұшу бағдарламасына өзгерістер енгізді, деп жазады 24.kz.

Яғни 28 наурыз бен 30 сәуір аралығында Мәскеуден Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Шымкент қалаларына рейстер тоқтатылды. Бұл туралы компанияның сайтында жарияланды.

Сондай-ақ аталған бағыттарға сатып алынған билет ақысы автоматты түрде қайтарылады. Сұрақтар бойынша компания өкілдігіне хабарласу керек.

Оған қоса, 90-ға жуық халықаралық рейстің бір бөлігі 30 сәуірге дейін тоқтатылады.