Ағайынды екі ер адам соққыға жығып, зорламақ болған үш баланың анасы арызынан бас тартқан

0
869

Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлаған.


Ағайынды екі ер адам соққыға жығып, зорламақ болған үш баланың анасы арызынан бас тартқан

ERNUR.KZ. Алматыда аяусыз соққыға жығылып, зорлана жаздаған әйел полицияға түсірген шағымынан бас тартып, қарсы талап арыз жазды, деп жазады zakon.kz.

- 2019 жылдың 29 желтоқсанында азамат Ж.Түрксіб аудандық полиция бөліміне өзін біреудің ұрып-соғып, зорлай жаздағаны туралы арыз түсірген. Бұл факт ҚР Қылмыстық Кодекстің 24 бабы, 3-бөлімі және 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Осы қылмысты ашу, сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін жедел тергеу тобы құрылды. Осы іске қатыстылардың барлығы анықталып, олар тергеуге алынды. Азамат Ж.-ның алған жарақаттарының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен бірге, жәбірленуші полицияға шағымданған күні-ақ С-ға қатысты шағымынан бас тартып, қарсы талап арыз жазғанын атап өте кеткен жөн. Бұл факті бойынша тергеу жалғасуда, - дейді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
Айта кетсек, Алматыда үш балалы әйелді аяусыз соққыға жығып, зорламақ болғаны туралы "Не молчи KZ" қоғамдық қоры хабарлады.
- Ол ақшасын аламын деп өзі жұмыс істеген нысан басына барған. Мас жұмысшының бірі оған тиіспек болып, денесіне қолын жүгірткен. Ер адамның ағасы бұл жағдайға куә болып, әйелге көмектескеннің орнына есікті іштен бекітіп жапқан. Әйел көмекке шақырып, жан дауысымен шырқырап айғайлай бастайды, сол кезде әлгі екеу оны аяусыз соққыға жыққан. Арпалыс кезінде әйел туысына қоңырау шалып үлгерген, ол полиция шақырған, - деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда ағайындылар үш баланың анасын зорламақ болғаны жайлы хабарланған еді.