Әйеліне жұдырық жұмсады: Рахат Тұрлыханов 10 тәулікке қамауға алынды

0
421

Өткен жылдың желтоқсан айында Рахат Тұрлыханов үйінде жанжал шығарып, әйелін соққыға жыққан.


Әйеліне жұдырық жұмсады: Рахат Тұрлыханов 10 тәулікке қамауға алынды

ERNUR.KZ. Рахат Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік іс аппеляциялық сотта қайта қаралды. Айыпталушының жазасы - ескертуден, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға өзгертілді, деп жазады inform.kz.

Бұған дейін әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Р.Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік ескерту туралы қаулы шығарған.

Аталған материалды қарау барысында, сот алқасы бұрын жұбайын бірнеше рет ұрып-соғу фактілерін ескеріп, бірінші сатылы соттың тағайындаған жазасымен келіспеді.

Алматы қалалық сотының алқасы, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысын өзгерті.

«Сот алқасының қаулысымен Р.Тұрлыхановқа қатысты жаза - ескертуден, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға өзгертілді»,- деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Қаулы заңды күшіне енді.

Айыпталушы мен жәбірленуші судьядан сот отырысына қатысуға келген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шығарып жіберуді сұраған болатын.

Еске салайық, өткен жылдың желтоқсан айында Рахат Тұрлыханов үйінде жанжал шығарып, әйелін соққыға жыққан. Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін жеткізді. Сондай-ақ, татуласқандарын айтып, соттан істі тоқтатуды сұраған еді.

Кейін Рахат Тұрлыханов пен оның әйелі видеожазба жариялады.