Air Astana Германиядағы ереуілге байланысты 7 наурыздағы рейсті кейінге шегерді

0
202

Осы рейс жолаушыларына тиісті SMS хабарлама жіберілді.


Air Astana Германиядағы ереуілге байланысты 7 наурыздағы рейсті кейінге шегерді

ERNUR.KZ. Air Astana әуекомпаниясы осы жылдың 7 наурызында Франкфурт әуежайында авиациялық қауіпсіздік қызметкерлерінің ереуілі салдарынан KС921/KС922 Астана-Франкфурт-Астана рейстерінің орындалмайтыны туралы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Бұл рейстердің жолаушыларына сервис ақысынан басқа билеттің пайдаланылмаған бөлігін толық қайтару, сондай-ақ билеттің құнын толық қайтару немесе 2024 жылдың 14 наурызына дейін орындалатын рейстерге айыппұлсыз қайта брондау қарастырылған. Әуекомпанияға байланысты емес себептермен рейстердің орындалмағанына және соның салдарынан туындаған қолайсыздықтар үшін өкінеміз. Билетті қайтару және қайта брондау туралы сұрақтар бойынша әуекомпанияның Көмек орталығына хабарласып, рейсттің мәртебесін ресми сайтынан тексеруді сұраймыз", - делінген хабарламада.