Air Astana лайнері борттағы төтенше жағдайға байланысты шұғыл қонды

0
403

Бұған борттағы жолаушының денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған.


Air Astana лайнері борттағы төтенше жағдайға байланысты шұғыл қонды

ERNUR.KZ. Шарм-эль-Шейх - Атырау бағытында ұшқан Air Astana лайнері Баку әуежайына шұғыл қонды, деп жазады zakon.kz.

Sputnik Әзербайжанның хабарына қарағанда, бұған борттағы жолаушының денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған.

Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 16:50-де сәтті қонған.

Жолаушыны қонғаннан кейін бірден жедел жәрдем бригадасы әкетіп, оны астанадағы емханалардың біріне жатқызған.