АИТВ жұқтырған үш науқаспен байланыста болған 593 адам тексеріліп жатыр

0
528

Тексеру барысында барлық пациенттер 2023 жылдың сәуір айында ОКҚА-ның бірнеше бөлімшелерінде медициналық көмек алғаны анықталды.


АИТВ жұқтырған үш науқаспен байланыста болған 593 адам тексеріліп жатыр

ERNUR.KZ. Эпидемиологиялық ахуалдың мониторингі барысында Алматы қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында емделіп жатқан АИТВ-ның оң мәртебесі бар 3 пациентті анықтады, деп жазады inbusiness.kz.

Тексеру шеңберінде пациенттердің бағыты белгіленеді, ОКҚА-да көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі мен сапасы және пациенттер емдеуге жатқызылған бөлімшелерде медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың профилактикасы бойынша инфекциялық бақылаудың сақталу мониторингі бағаланады.

Қазіргі уақытта пациенттердің маршрутын ескере отырып, байланыс шеңбері белгіленуде. Бүгінгі таңда 593 байланыста болған адамнан АИТВ-ға тексеру үшін материал алынды, оның 419-ы теріс, қалған 174-і жұмыста.

Денсаулық сақтау министрлігі істерді тексеру барысын ерекше бақылауда ұстайды және бұл туралы жұртшылықты үнемі хабардар етіп отырады.