Әкімдер бұдан былай Amanat партиясында лауазымды қызметтер атқара алмайды

0
313

2022 жылы наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында лауазым иеленуге заң жүзінде тыйым салу қажет екенін мәлімдеді.


Әкімдер бұдан былай Amanat партиясында лауазымды қызметтер атқара алмайды

ERNUR.KZ. Amanat-тың өңірлік және аумақтық филиалдарында партиялық конференциялар өтті. Онда филиал төрағасы лауазымындағы әкімдерді қызметінен босату туралы мәселе қаралды, деп жазады zakon.kz.

Партия мәліметінше, конференция қорытындысына сәйкес, барлық деңгейдегі әкімдер бұдан былай Amanat партиясының облыстық, қалалық және аудандық филиалдарының төрағасы лауазымын атқармайды. Сондай-ақ олар партияның тиісті филиалдарындағы Саяси кеңес бюросы мен саяси кеңестерінің құрамына кірмейді.

"Бұл шара ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған саяси реформалар бағытын іске асырудың қисынды жалғасы саналады. Бұл қадам партиялық бәсекелестікке серпін беретініне сенімдіміз. Әсіресе, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарда өтетін алдағы сайлау аясында бұл шешім өте өзекті".Amanat партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов

Айта кетсек, 2022 жылы наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында лауазым иеленуге заң жүзінде тыйым салу қажет екенін мәлімдеді. Қарашаның басында заңнамалық актілерге тиісті түзетулер енгізілді.