Әкімдіктерге карантин кезінде балалар ойын алаңын ашуға қатысты тапсырма берілді

0
1 147

​Карантин кезінде қай уақыттан бастап балалар ойын алаңы ашыла бастайтыны белгілі болды. Мемлекеттік комиссия отырысында тиісті шешім қабылданды.


Әкімдіктерге карантин кезінде балалар ойын алаңын ашуға қатысты тапсырма берілді

ERNUR.KZ. Облыс және Астана мен Алматы әкімдеріне 27 сәуірден бастап тұрғындарға балалар алаңы мен саяжайларға баруға рұқсат беру тапсырылды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында осындай шешім қабылданды. Комиссияға премьер-министр Асқар Мамин төрағалық етеді.

Бұған дейін президент мемлекеттік комиссия мен әкімдіктерге карантин кезінде балаларға ойын алаңдарын қолжетімді ету мәселесін шешуді тапсырған болатын.

"Карантин кезінде балаларымен отырған ата-аналарға қиын. Өйткені балалардың төрт қабырғадада отыруын қамтамасыз ету оңай емес", - деді мемлекет басшысы өзінің мәлімдемесінде.

Айта кетсек, карантинге байланысты қазақстандықтар тек жұмысқа, жақын маңдағы дүкен мен дәріханаға ғана бара алады.

Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды.